Павлодарда есірткі сатудың жолы кесілді - 15 келіден астам есірткі тәркіленді

ПАВЛОДАР. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі, 1957 жылғы жұмыссыз жүрген облыс орталығының тұрғыны ұсталды,

Павлодарда есірткі сатудың жолы кесілді - 15 келіден астам есірткі тәркіленді

деп хабарлады ІІД. Ол бұған дейін ұрлық үшін бірнеше рет істі болған.

Оның үйін тінту кезінде 15 келі есірткі заты - 102 грамман астам героин, 850 грамм гашиш, 14 келі марихуана мен 16 калибрлік аңшы қаруы табылды. Ұсталған ер адам есірткі заттарын сату мақсатында сақтағанын мойындады.

Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.