Павлодарда еуразияшыл ақын Павел Васильевтің 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді

ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның  4-і.   ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодарда   желтоқсанның 7-сінде  еуразияшыл  ақын  Павел Васильевтің   100 жылдығына арналған  салтанатты  шаралар басталады,

Павлодарда  еуразияшыл  ақын  Павел Васильевтің   100 жылдығына арналған  салтанатты  шаралар өтеді

 деп хабарлады     мәдениет  бөлімінен.

 Қазақстан  мен  Ресей  қалаларынан    келетін     қонақтар    ақынның    мұражай-үйінің  алдындағы   ескерткіштің маңына жиналып,    сөз шеберін   еске   алады.    Бұл күні  сондай-ақ  Павлодардағы    көркемсурет мұражайында   ақын  мерейтойына арналған   ретроспективті көрме   өтеді.

 Ал  желтоқсанның 8-інде С.Торайғыров атындағы  Павлодар  мемлекеттік университетінде  «Павель Васильевтің  мұралары» деген тақырыпта  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  болады.

 Ақын  мерейтойына арналған    шараларды    желтоқсанның 9-ында   Мәдениет  сарайында  өтетін     салтанатты кеш қорытындылайды.