Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда EXPO-2017 көрмесіне еріктілерді дайындау жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-21 тамыз күндері Шалдай орманында орналасқан "Лесная сказка" шипажай базасында EXPO-2017 көрмесіне еріктілерді дайындау жүргізіледі.

Павлодарда EXPO-2017 көрмесіне еріктілерді дайындау жүргізілуде

Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқарманың жанындағы "Әлеуметтік еріктілер орталығы" ЖҚБ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 18 жастан асқан 100-ден аса адам бағын сынай алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қазіргі таңда ведомствоға 54 өтініш түскен. Қатысуға ниет білдіргендер 15 тамызға дейін өтініш берулері керек. Мектепте ұйымдастырушылық қабілетін арттыруды, командада жұмыс істеуді үйрететін инновациялық әрі тиімді жастар алаңы жұмыс істейтін болады.

"Қызыл крест" ұйымының өкілдері еріктілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді. "Академиялық мобильділікке" қатысушылар Дәмежан Хамитова және Әлия Аукенова, шетелдік студент Ноа Самако шетелдіктермен жұмыс жасаудың сырымен бөліссе, 6679 әскери бөлімшесінің капитаны Шухрат Ашимов өзін-өзі қорғау тәсілін көрсетеді. Күйзеліске төтеп беру тақырыбында психолог Елена Васильева дәріс оқиды. Сонымен қатар, EXPO-2017 компаниясының өкілі қатысады, - дейді әлеуметтік еріктілер орталығының үйлестірушісі Айдана Молдаханова.