Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда филармония ашылады

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев көркемөнерпаздар ұжымы жетекшілерімен кездесуінде Павлодардағы филармонияның қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді,

Павлодарда филармония ашылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы өзінің орынбасары Рысты Жұмабаеваға экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесе отырып, жаңа мәдениет мекемесін қаржыландыру мәселесін қарауды тапсырды. Облыста соңғы бес жыл ішінде кәсіби мамандардан құралған жеті сазды ұжым құрылды. Симфониялық, джаз және халық аспаптары оркестрінің концерттері қашан да халықтың көңілінен шығып жүр. Ал музыканттар өнер сүйер қауыммен өте сирек, жылына бірнеше мәрте ғана кездеседі, өйткені Павлодарда концерт залы жоқ және дайындық жасауға да жағдай жасалмаған. Кездесуде кәсіби мамандар дайындау, мәдениет қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Б.Сағынтаев ұжым басшыларына қажетті аспаптар тізімін жасауды сұрады. «Бір сәтте қажетті дүниенің бәрін сатып алу мүмкін емес, дегенмен оны бірте-бірте алып беру жағын қарастырамыз», - деді кездесуді қорытқан аймақ басшысы.