Павлодарда ғалым Ж.Артықбаевтың «Баянауыл» кітабы таныстырылды
ПАВЛОДАР. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өңірдің дамуына айтулы үлес қосқан Баянауыл ауданының ақсақалдары мен тұрғындары тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың «Баянауыл» кітабының таныстырылымына қатысты.
Павлодардағы «Замандас» ардагерлер клубында өткен бұл шарада оқырмандар «Павлодардың Ертіс жағалауының інжу-маржанының» тарихымен таныстырылды.
«Алғашқы зерттеулер мен материалдарды мен сонау студенттік кезімде, Баянауылдың өңірлеріне жасалған экспедициялардан, этнографиялық мұражайлардан жинадым. Материалдар жылдар бойы қордаланып, енді міне кітапқа айналып отыр»,- деді автор.