Павлодарда италиялық журналист соғысқа қатысқан қазақтар туралы көрме өткізеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы Д.П. Багаев атындағы музей-үйде италиялық журналист әрі аудармашы Татьяна Алексеенко фотокөрме өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Көрменің атауы - «Партизандар соқпағымен». Шара 14 шілде күні өткізіледі.

Фотожурналист әрі аудармашы Татьяна Алексеенко - GhepArt атты мәдени бірлестіктің президенті, FIAF мүшесі. Ол Ресей, Италия, Қазақстанның көптеген басылымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, «Ло стриллоне дель квадрилатеро» атты италиялық журналдың редакция мүшесі.

«Партизандар соқпағымен» деп аталатын деректі фотокөрменің негізгі мақсаты - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Солтүстік-Шығыс Италия және Словение аумағында соғысқа қатысқан қазақ солдаттарының тағдырын еске алу. Көптеген әскери тұтқындар концлагерлерден Югославия еліне қашып, ол жерде Халықтық азат ету армиясының қатарын толықтырып отырған.

Көрмеге қойылған фотографияларда олардың соғысқа қатысқан жерлері мен қаза топқан орындары, қабірі көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар