Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда қала күні Bad Boys Blue өнер көрсетеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда сенбі күні, 13 қыркүйекте қала күні құрметіне жаппай халық серуені ұйымдастырылды.

Павлодарда қала күні Bad Boys Blue өнер көрсетеді

Ертіс бойындағы бұл мекеннің жасын тарихшылар Коряков фортының негізі қаланған кезден - 1720 жылдан бастайды. Павлодар қала мәртебесіне және өзінің қазіргі атауына 141 жылдан кейін 1861 жылы ие болды.

Қала әкімі Болат Бақауов тұрғындарды осы мерекемен құттықтай отырып, оны өркендетуге барлық ұрпақтар үлес қосқанын, павлодарлық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жанқиярлық ерлігін және тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін атап өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша қала күні үздік мұғалім, медицина қызметкері, өндірісшілер, спортшылар, полицейлер, құрылысшылар мен пошташылар конкурстарының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Орталық алаңда Қазақстанда жиналған автомобильдердің шоу-шеруі болды және қуыршақтар карнавалы өтті.

Саябақта тазы тұқымдас иттер көрмесі ұйымдастырылды, бүркітшілер өздерінің қанатты көмекшілерінің өнерін паш етті. Қала тұрғындары мен қонақтары киіз үйлерде мереке дастарқанынан дәм татты, оларға бауырсақтар мен қымыз ұсынылды.

Ашық сахнада демалыс орталықтарының, музыкалық колледждердің шығармашыл ұжымдары, облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті.

Мереке кешке дейін созылады - жиналған жұртшылық алдында шетелдік эстрада жұлдыздары - Kevin McCoy және Bad Boys Blue топтары концерт қояды. Мереке соңы отшашуға ұласады.