Павлодарда «Қамқорлық» айлығы кезінде 12 000 қала тұрғыны материалдық көмек алды

ПАВЛОДАР. 1 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүкіләлемдік қарттар күніне арналған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы барысында 12 000-нан астам павлодарлық қалалық бюджеттен 26 млн. теңге көлемінде материалдық көмек алды.

Павлодарда «Қамқорлық» айлығы кезінде 12 000 қала тұрғыны материалдық көмек алды

Көмек алғандардың арасында 14 жүз жасаған адам, 6 мыңға жуық сексен жастан асқан қарт адам бар.

Шара барысында ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлерге, жалғызілікті азаматтарға, кәмелетке толмаған балаларын асырап отырған мүгедек әйелдерге қолдау көрсетілді. 400 соғыс ардагеріне дәрі-дәрмек алуға қаражат берілді.

Бұл күндері облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қайырымдылық акциялары өткізілуде.