Павлодарда қардың алқызыл түске боялуына боксит себеп болуы мүмкін

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қардың алқызыл түске боялуына кәсіпорыннан бокситтің таралуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсихатында «Қазақстан Алюминийі» АҚ айналаны қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Ринат Сарлыбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

- Біздің шикізат табиғи алқызыл түсті, - дейді Ринат Сарлыбаев. -  Боксит Краснооктябрьск және Торғай боксит кен басқармасынан жеткізіледі. Шаңның біршама мөлшерде жайылуына рұқсат беріледі. Біздің кәсіпорында да   нормаланған көлемде шаң таралады. Бұл нормативтерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы  бар. Әсіресе, қыс мезгілінде  көзге анық  көрініп тұрады.  

Сондай-ақ, Басқарма басшысы кәсіпорында орналасқан техникалық бақылау зертханасы атмосфераға өлшеу жүргізгенін атап өтті.

"Егер де  концентрация  шамадан тыс артқан жағдайда қандай да бір қауіпті салдары туралы айтуға болар еді. Алайда  шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы тіркелмеген", - дейді спикер.

Айта кетейік, қала тұрғындарының бірі М. Горкий және Марғұлан көшелерінің бойында 20-желтоқсан күні қардың алқызыл түске боялғанын суретке түсіріп алған.  

null 

Соңғы жаңалықтар