Павлодарда Қазақстан жазушылар одағының филиалы ашылды, Арман Қани оның төрағасы болып сайланды

ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарда Қазақстан жазушылар одағының филиалы ашылды. Соған байланысты өткен «дөңгелек үстел» отырысына облыс әкімі Ерлан Арын және ҚР жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай қатысты.

Павлодарда Қазақстан жазушылар одағының филиалы ашылды, Арман Қани оның төрағасы болып сайланды

ҚР жазушылар одағының мүшесі, павлодардық ақын Виктор Семерьянов филиалдың ашылуын көптен күттірген оқиға деп атады.

Өңірдің ақындар мен жазушылар шығармашылық одағы өз қатарында ұлттық классиктер дәстүрін жалғастырып келе жатқан, қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды адамдарды біріктіреді.

Павлодарлық филиалдың төрағасы болып ақын Арман Қани сайланды.