Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда қазақстандық патриотизм мәселесі талқыланады

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - 30 қаңтарда «Нұр Отан» ХДП Павлодар қалалық филиалында «Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлттық және көпконфессиялық қоғамның табыстылық негізі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Павлодарда қазақстандық патриотизм мәселесі талқыланады

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға бас қосқан отырыс жұмысына облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Орталық аналикалық ақпарат орталығының, жастар бірлестіктерінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің, жоғары оқу орындарының өкілдері, этномәдени орталықтардың төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары мен белсенділері қатысады.


«Дөңгелек үстел» отырысының қорытындысы бойынша ұсыныс-кеңестер қабылданады деп күтілуде