Павлодарда қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңірлік төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері кез келген шұғыл жағдайда жұмыс істеуге дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрылымдар өтімділігі жоғары 90 техникамен жарақталған.

Павлодарда қысқы мезгілге 188 жылыту пункті дайындалды
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысында қысқы мезгілде кездесетін ықтимал төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге бағытталған күштер мен құралдар тобы құрылды.

— Өңірде қыс мезгілінде 188 жылыту пункті жұмыс істейтін болады. Оның ішінде 11-і жол-пайдалану басқармаларының базаларында орналасқан. Олар 4300 ұйықтайтын орынмен қамтамасыз етіле отырып, бір мезгілде 20 мыңнан астам адамды қабылдай алады, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

жылыту пункті
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Ықтимал жағдайларға 2788 адам және қар тазалайтын, инженерлік, эвакуациялық және өзге де арнайы техниканың мыңнан астам бірлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ өтімділігі жоғары 90 техника бар.

Еске сала кетейік, Павлодарда жолда тұрып қалған автобустан 36 шетелдік құтқарылды

Соңғы жаңалықтар