07:59, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда қоғамдық жұмыс орындары дайындалды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар бюджетінде ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 150 миллион теңге қарастырылып отыр – бұл былтырғы жылғыдан екі есе көп сома,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс орталығында жұмыссыздарға қаладағы 96 кәсіпорыннан 1 850 жұмыс орны ұсынылады. Уақытша қоғамдық жұмыстар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарда, әлеуметтік қызметтер мен күзет ұйымдарында ұйымдастырылған. Жалақы бюджет қаражатынан және әлеуметтік жұмыс орнын беретін ұйымның жалақы қорынан жасақталатын болады. Атап айтқанда, қаланы абаттандыру жұмысындағылардың жалақысы 33 мың теңгеден астамды құрайды. Қоғамдық жұмыстарға жарты жыл атсалысқаннан кейін адамдар мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс орнын таба алады.Павлодарда жаппай жұмыссыздық орын алып жатыр деуге әле ертерек. Локомотив депосы мен «Роса» акционерлік қоғамы ғана қысқартулар болатынын айтып отыр. Ол жерлерде 80-ге жуық адам жұмыстан қысқартылады деп пайымдалуда.