Павлодарда коммуналдық секторда 109 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 2026 жылы Павлодар облысының коммуналдық секторында 109 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асады деп жоспарланған. Бұл желілердің тозуын 3 % -ға төмендетуі керек.

инвестиция
Фото: Миллий статистика қўмитаси

Аталған қаражат мың шақырымнан астам инженерлік желілерді ауыстыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде құбырлардың тозу көрсеткіші 3 %-ға төмендейді деп күтіліп отыр. 
Қазіргі күні өңірдегі коммуналдық желілердің орташа тозуы - 70 %. Желілерді жаңартудың 5 жылға арналған жоспары құрылған.

- Барлық саладағы ұлттық жобалардың негізгі мақсаты - инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, сенімділікті арттыру. Ал, сенімділікті арттыру үшін жаңа нысандарды салу, ескілерін жөндеу керек. Экономика жақсарып келеді, жаңа шағын аудандар пайда болып жатыр. Сәйкесінше құбырлар, желілер тозып отыр. Күн салқындаған уақытта кейбір желілерді жөндеу керектігі байқалып қалады, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысының жылумен жабдықтау саласына 35,7 млрд теңге инвестиция салынған