10:00, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда құрылған облыстық штаб жұмысының басымдығы ? ана мен бала өмірін сақтау
None
ПАВЛОДАР Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова бастаған және құрамына денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары кірген облыстық штаб өз алдына ана мен бала өлімінің деңгейін азайту туралы міндет қойып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. Өткен жылы аймақта жаңа туған нәрестелердің шетінеу оқиғасы көп тіркелген. Объективті себептердің қатарында - дүниеге салмақтары 1 киләға жетпей туылған нәрестелерді күтуге арналған жабдықтардың жоқтығы, түрлі кемістіктермен туылатын нәрестелер санының артуы, т.б. себептер бар. Құрылып отырған штаб өз қызметінің басымдықтарын белгілеп отыр. Алғашқы қадамдардың қатарында ? перзентханаларда, гинекологиялық кабинеттер мен селолық амбулаторияларда тексерулер жүргізіп, солардың қорытындысы бойынша аталған мекемелердің материалдық базаларының жағдайына баға беру міндеті тұр. Гинекологтар мен акушерлер аттестациядан өткізіліп, медициналық қызметкерлердің кадрлық құрамын нығайту да жоспарда бар. Штаб аудандарға шығып, айына екі рет мәжіліс өткізіп отыратын болады.