07:55, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодарда ломбард алты миллион теңгеге тоналды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар полициясы 6,3 миллион теңге сомасының ақшалары мен құндылықтарын ломбардтан әкеткен қылмыскерлерді іздеуде,
деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Бетпердесіз және қарусыз келген үш жас жігіт қысқа толқынды пешті кепілге тапсырған болып кассирді бейтараптандырған және сейфтен зергерлік бұйымдар мен 400 мың теңгені ұрлап кеткен. Дабыл түймесіне әйелдің қолы тонаушылар кеткеннен кейін ғана жеткен. Жөндеуден кейін бейнекамералар жұмыс істемей тұрған, күзетші болмаған», - деді ішкі істер департаменті бөлімінің бастығы Мәди Белғожинов.
«Тонау» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, шұғыл-іздеу іс-шаралары жүргізілуде.