Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары өтті
ВЛОДАР. 7 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда философ, этнограф, жазушы және аудармашы Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
ЖОО студенттері мен оқытушылары, лицей және мектеп оқушылары жерлестерінің шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, оның туындыларын оқыды.
Мәшһүр оқуларының екінші күнінде байқауға қатысушылар ақынның туған ауылы - Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылында болды.
Оқулардың бас жүлдесін Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Еркебұлан Рахатжанұлы жеңіп алды. Жүлдегерлер арасында №40 мектептің оныншы сынып оқушысы Егізбек Нағашыбай, педагогикалық колледждің студенті Айнұр Қапанова мен №35 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Жазира Жапар бар.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.