Павлодарда мәскеулік психолог аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарына кеңес береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Аутизмді жеңеміз» жобасының шеңберінде аутизм дертімен ауыратын балалардың ата-аналары қауымдастығы құрылды. Мұндай орталықтар Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жұмыс істейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда мәскеулік психолог аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарына кеңес береді

Осы төрт өңірдегі аутист балалардың ата-аналарымен Мәскеуден келген мамандар жұмыс істеді. Олар - «аутизмнен шығар жол» оптимистік терминін белсенді пайдаланушы профессор Владимир Матвиевскийдің шәкірттері.

Павлодарлық ата-аналарға Мәскеуден келген әлеуметтік психолог Татьяна Плашенко екі ай бойы кеңес береді. Ол Ресей туризм және сервис университетін аяқтағаннан кейін өзінің 11 жылын аутизм дертімен күресуге арнаған. Маман аталмыш қауымдастықтың басшылығымен аптасына 6 күн сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ата-аналарға сабақ өткізеді.

«Біздің басты міндетіміз - балаларды әлеуметтік тұрғыда қоғамға қайтару. Маған келген ата-аналар «Біз балалар алаңына шығуға мүмкіндігіміз жоқ. Бала өз-өзін дұрыс ұстай алмағандықтан, түрлі жағдайлар орын алады» деп шағымданады. Көптеген аналар тіпті, қатардағы балалар да мұны түсінбейді. Сондықтан әсіресе, алаңқайдағы кішкентай сәбилердің кетуін сұрайды немесе өздері балаларын алып кетіп жатады. Тіпті, кей сәтте мұндай отбасыларға туыстары балаларымен қонаққа келуге қорқады. Себебі, аутизм ауруы жұға ма деп алаңдайды. Сондықтан біздің басты ұстанымымыз - балалар үшін қарым-қатынас ортасын құру және жүгіріп, ойнап, көңіл көтеруді үйрету, - дейді Татьяна Плашенко.

Айта кету керек, Павлодар - аутизм дертінің диагнозын анықтап, оңалту орталығын ашқан Қазақстандағы бірінші қала. Облыс басшылығының тапсырмасымен «Ак. Сәтбаев көшесі, 99» мекенжайынан арнайы орын берілген. Мекеменің ашылуы алдағы қараша айына жоспарланып отыр. Бұған дейін аутизм дертімен ауыратын балалардың ата-аналар қауымдастығы «1 Мамыр көшесі, 384» мекенжайында уақытша жұмыс істеді.

Бүгінде Павлодар облысында аутизм дертімен ауыратын 39 бала бар.