Павлодарда мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері жарысты

ПАВЛОДАР. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Тіл - адам жанын танудың кілті» облыстық байқауының жеңімпазы, Май ауданының тұрғыны Карина Путинцева қазақ тілін еркін меңгергендігін көрсетіп, осы жылдың қараша айында Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алды, деп хабарлады Павлодар облысының Тілдерді дамыту басқармасынан.
None
None

Павлодарда қазақ тілін еркін меңгерген орыс тілді жастар арасындағы байқау кеше аяқталды. Байқауға қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары, оқитын және жұмыс істейтін мемлекеттік тілді меңгерген 14-тен 22 жасқа дейінгі жастар қатысты.

Олар лексика-грамматикалық тест бойынша тапсырмаларды орындап, эссе жазды және қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқудан жарысты.

Облыстық байқау жүлдегерлерінің қатарында Екібастұздан Альбина Кицул, Павлодардан Елена Шестопалова және Қашыр ауданынан Дарья Мендрышора бар.

Соңғы жаңалықтар