Павлодарда монша кешені отқа оранды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жалын қоғамдық моншаның 40 шаршы метрін жайпап өткен. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

өрт
Фото: видеодан кадр

Облыс орталығында екі қабатты монша кешені өртенді. 

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

«13 шілде күні сағат 17.09-да өрт туралы хабар түсті. Елгин көшесінде жеке меншік аумақта екі қабатты монша өртенген. Оқиға орнына 24 қызметкер мен 6 өрт сөндіру қызметінің техникасы, жедел құтқару жасағы және медициналық апаттар орталығы қызметкерлері барды. Өрт сағат 17.25-те сөндірілді», -деп мәлімдеді департаменттен.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар