Павлодарда мұқтаж отбасылардың үйлеріндегі мұржалар тегін тазартылып жатыр
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Төтенше жағдайлар қызметкерлері тепловизордың көмегімен пештердің қызу деңгейін тексереді. Мұржалары бітелген жағдайда тазартып береді.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жылыту кезеңі аясында профилактикалық рейд өт

- Үйлерді аралау барысында мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жеке үйлердегі пештер мен мұржаларды қарап, ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Өрттің алдын алудың негізгі факторларының бірі ретінде мұржаларды уақтылы тазартуға ерекше назар аударылды. Қызметкерлеріміз мұқтаж отбасылар орналасқан үйлердегі мұржаны тегін тазартып, көміртегі тотығы датчиктерін, пештердің алдына жанудан қорғайтын материалдар орнатты, - деп хабарлады департаменттен.
Мамандар тепловизордың көмегімен пештердің қызу деңгейін тексеріп, үй-жайларда көміртегі тотығының болуына өлшеулер жүргізген.

Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері үйлерге барлығы 770 улы газ датчигін орнатқан. Осылайша қыс мезгілінде қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз етті.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болды.