Павлодарда мұқтаждарды қолдауға арналған «Қамқорлық» айлығы жалғасуда
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Наурыз мейрамы қарсаңында басталған «Қамқорлық» айлығы жалғасуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл күндері кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың назары көмекке мұқтаж қала тұрғындарына аударылып отыр. Ықшамаудандарда тұрмысы төмен тұрғындар үшін қайырымдылық түскі астар өткізілуде, киім-кешектер мен азық-түліктер үлестірілуде. Төртінші ықшамауданның жеке тұлғалары мен фирмалары мұқтаж 500 павлодарлыққа 147 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіп отыр. Ауылдық кәсіпкерлер де тұрмыстары төмен 36 отбасына арнап 72 мың теңгенің азық-түліктерін бөлді. Қызыл Жарты ай қоғамы болса мүгедектер мен жалғызілікті зейнеткерлерге киім-кешектер және отын алуға көмектесті. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлағанындай, сәуір айының басындағы жағдай бойынша қала бойынша 1,4 мыңдай тұрғынға 850 мың теңге қайырымдылық көмегі көрсетіліп отыр.