14:01, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда мұз айдыны ашылды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодардағы Кутузов көшесіндегі бұрын автотұрақ болып келген аулада мұз айдыны жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Коньки тебуші әуесқойлар үшін мұз қатырылып, хоккей алаңшасы жасалды.Конькимен сырғанақ тебуге құмар балалар енді үйлерінің қасында кешке дейін демалысын көңілді өткізуге мүмкіндік алды. Оған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы демеуші болды. Шағынауданның кішкентай тұрғындары үшін жасалған бұл жаңажылдық тартуға 2 миллион теңге қаржы бөлінді. Биылғы қыста Павлодарда 20 хоккей корттары мен мұз айдындары жасалды.