Павлодарда Наурыз мерекесін бірінші болып балдырғандар қарсы алды

ПАВЛОДАР. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың барлық балабақшаларында бүлдіршіндердің сүйікті мейрамы -Наурыз мейрамын қуанышпен қарсы алды, деп хабарлады білім бөлімінен.

Павлодарда Наурыз  мерекесін бірінші  болып   балдырғандар   қарсы алды

№19 балабақшаға балаларға ертегі кейіпкерлері қонаққа келді. Балалар Бақыт апа дайындаған наурыз-көжеден дәм татты, Тазша-бала балалармен ұлттық ойындар ойнады. Ал Алдар-көсе балаларға қызықты әңгімелер айтып берсе, Маржан-апай балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды. Балалар өлең оқып, әндер айтты, жұмбақтар шешті.

Мерекені ұйымдастыруға ата-аналар да белсенді атсалысты. Олар балалармен бірге ұлттық би биледі, қазақтың «Тоқымқағар» жоралғысын көрсетті.

Ал №24 мектептің жанындағы «Балдырған» шағын-орталығында өткен ертеңгілікте балалар «Қонақ күту», «Шашу», «Бата беру» сияқты дәстүрлермен танысты. Алдар-көсемен бірге «Көкпар», «Арқан тарту», «Тақия» ойындарын ойнады.