08:11, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Павлодарда Неміс мәдениетінің фестивалі өтеді
ПАВЛОДАР. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодарда Неміс мәдениетінің V республикалық фестивалі басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Фестиваль Қазақстанның Германиядағы жылының аясында өтеді және ол немістің «Өркендеу» қоғамдық қозғалысының құрылуының 20 жылдығына арналады. Мереке неміс мәдениетін жұртшылыққа кеңінен таныстыруды, сондай-ақ Қазақстан жастарының шығармашылық қарым-қатынастарын жақсартып, қоғамдық ұйымдардың аймақаралық байланыстарын нығайтуды мақсат етеді. Шараны «Өркендеу» қауымдастығы мен Қазақстанның Неміс жастары одағы ұйымдастырып отыр.