Павлодарда «Нұр Отан» ХДП-дан сайланған депутаттардың облыстық форумы өтті

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – «Нұр Отан» ХДП-дан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының аймақтық форумы Павлодарда болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Партия мүшелері партияның Халықтық тұғырнамасының іске асырылу барысын талқылады және әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарсы тұру жағдайында одан әрі іске асырылатын жоспарларды белгіледі.Форум жұмысына қатысқан Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандарды аймақтың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды. Ол аймақтық дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалуы, кәсіпорындардағы жұмыс орнын сақтау, қалалар мен ауылдардағы халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі атқарушы органдар жүргізіп отырған жұмыстар, тамақ өнімдерінің бағаларын ұстап тұру бойынша қабылданған шаралар туралы әңгімелеп берді. Аймақ басшысы облыстағы барлық әлеуметтік бағдарламалардың толық көлемде орындалатынына партия мүшелерін сендірді.Өз баяндамасында «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина жергілікті билік органдарындағы партия мүшелерінің қызметтеріне тоқталды.Форумның жұмысына «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин қатысты.
Соңғы жаңалықтар