Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда он әйел өздерінің бизнес-жобаларын іске асыруға арналған гранттар алды

ПАВЛОДАР. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодарда «Әйел және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша байқау аяқталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодарда он әйел өздерінің бизнес-жобаларын іске асыруға арналған гранттар алды

Үздік бизнес-жобаларды ұсынған он әйелге 300 мың теңгеден гранттар берілді.

«Павлодарда бұл бағдарлама екінші жыл іске асырылуда. Оқыту бағдарламасынан өткен авторлардың 62 үздік отбасылық жобасынан қазылар алқасы 10 жеңімпазды таңдап алды. Қарлығаш Найманова, Валентина Перфилева, Светлана Германенко және тағы басқа өз ісін жаңадан бастап келе жатқан жеті бизнес-ханымның жобалары ең табысты деп танылды», - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Темен Жайлин.

Павлодарлық әйелдер бизнес үшін - қозықұйрық саңырауқұлақтарын үйде өсіруден бастап, емдәмдік өнімдерді шығаратын наубайханаға дейінгі кәсіп түрлерімен айналысатын болады.