Павлодарда отандық алюминийден өнім шығарылатын болады
АВЛОДАР. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық «Қазэнергокабель» акционерлік қоғамы ағымдағы жылы шілденің 1-інен бастап қазақстандық алюминийден жаңа өнім - алюминий созбасымын шығаруды қолға алады,
деп хабарлады компанияның бас директоры Дмитрий Цымбал ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
«Біздің кәсіпорын 600-ден астам өнім түрін - төмен вольтты күш беретін, бақылаушы және телефон кабельдерінің барлық түрін шығарады, біз өндірісте «Қазақмыс» корпорациясының мыс өнімін кеңінен пайдаланамыз. Бірақ алюминий дайындамасы Ресейден және Қытайдан әкелінетін. Ал жаңа өндіріс импорттан бас тартуға және 70 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Павлодар электролиз зауыты шығаратын алюминийден жасалатын біздің созбасымның құны, 5 миллиард теңгені құрайтын болады. Оған қоса, облыстық және республикалық бюджетке аударылатын салықтар артады, ал біздің өнімнің қазақстандық қамтуының үлесі 85 пайыздан асады.
Жабдықтар Қытайдан жеткізілуде, ал павлодарлық жұмысшыларды жабдықтарды құрастыру барысында дайындаушы зауыттың мамандары оқытып жатыр.
Жаңа өндіріс біздің шығынымызды төмендетуге мүмкіндік береді - қазақстандық металдан жасалған кабельдің бағасы арзандау болады. Алюминий созбасымын шығаратын цехтың жобалық қуаты - жылына 15 мың тоннаны құрайтын болады, бұл қуат зауыттың және басқа да қазақстандық кәсіпорындардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Жобаның қ ұны - 472 миллиард теңге, жаңа өндірісті қаржыландыруға «Қазақмыс» корпорациясы атсалысады, ал өнімдерімізді сатып алушылардың бірі - «Қазэнергокабель» АҚ.