Павлодарда өткен еске алу кешінде «жария етілмеген соғыстың» құрбандары еске алынды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың интернационал-жауынгерлері кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 21 жылдығына арналған кеште достарын еске алды.

Павлодарда  өткен   еске алу кешінде  «жария етілмеген соғыстың»  құрбандары еске алынды

9 жылдан астам уақытқа созылған «жария етілмеген» соғыста 36 павлодарлық бозбала қаза тапты - қалада оларға ескерткіш орнатылған. Осы ескерткішке интернационал-жауынгерлер мен қаланың жас тұрғындары гүл шоқтарын әкеледі. №5 мектептің жас із кесушілері ауған соғысының мұражайын ашып отыр, ол жерге жауынгерлердің туған-туыстарына жазған хаттары, алыс елде қызмет еткен жылдары түскен суреттері қойылған.

Еске алу кешінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова, өскелең ұрпаққа беріп отырған патриоттық тәрбиелері үшін интернационал-жауынгерлерге алғыс білдірді және олардың жас өскіндерге Отанға адал қызмет етудің үлгісі болып отырғанын атап көрсетті.