Павлодарда өткен жалпықалалық сенбілікке 35 мыңнан астам тұрғын атсалысты

ПАВЛОДАР. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен сенбі күні 35 мың павлодарлық, күннің бұлтты болғанына қарамастан, нұротандықтар мен жұртшылықтың шақыруына үн қатып, сенбілікке шықты.

Павлодарда өткен жалпықалалық сенбілікке  35 мыңнан  астам   тұрғын атсалысты

Қалада саябақтар мен скверлер ретке келтірілді - өткен жылдан қалған жапырақтар мен қысы бойы жиналған қалдық-қоқыстар жүк көліктеріне тиеліп, қала сыртына шығарылды, жас көшеттер отырғызылды.

Ағаш отырғызуға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев та атсалысты. Әкім журналистерге сондай-ақ Гагарин атындағы ескі саябақ пен Павел Васильев атындағы скверді жаңарту, абаттандыру жоспарлары туралы әңгімелеп берді.