Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда өзгелердің пәтерлерін «жалға» беруден пайда тауып келген алаяқ ұсталды

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласының жұмыс істемейтін, бұрын істі болған 32 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Павлодарда өзгелердің пәтерлерін «жалға» беруден пайда тауып келген алаяқ ұсталды

2010 жылы ол төрт жарым жылға сотталып, рақымшылықпен босатылды.

Тергеу анықтағандай, ұсталған азамат пәтерлерді жалдап, кейін оларды өзі «жалға» берген. Клиенттердің сеніміне кіріп, оларды алдау жолымен ақшаларын иемденіп отырған. «Пәтер иесі» осы арқылы сегіз азаматты сан соқтырды. Сондай-ақ ұсталған азаматты осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін Орал қаласының ІІБ іздеп жүргені анықталды.

Күдікті азамат қамауға алынды, «Алаяқтық» бабы бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды.