08:01, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодарда пара алғаны үшін шенеунік тұтқындалды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодардың кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы 35 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды Павлодар облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін заңсыз сауданы жою жұмыс тобының құрамында және мемлекеттік функцияны орындауға уәкілетті тұлға бола отырып ол көкөністер мен жемістердің заңсыз саудасы үшін бір азаматшадан 35 мың теңге талап еткен.
Талап еткен ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін «маман» оның кедергісіз сауда-саттық жүргізуіне қамқоршы болуға уәде етеді. Қалған соманы алу кезінде оны қаржы полициясының қызметкерлері ұстады.
Сот тұтқындау туралы санкция шығарды. Бас маманды үш жылдан жеті жылға дейінгі өмірін темір тордың арғы жағында өткізу қатері күтіп тұр.