Павлодарда патриоттар форумына 5 мыңнан астам адам жиналды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Астана» мұз сарайында ҚР Президентіне кандидат Н. Назарбаевтың жеңісін мерекелеуге 5 мыңнан астам адам жиналды. Олар: ұжымдық кәсіпорындар, ҮЕҰ өкілдері, қоғамдастықтар, мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, студенттер, ҚХА мүшелері. Форумға облыс әкімі Қ. Бозымбаев қатысты.

Павлодарда патриоттар форумына 5 мыңнан астам адам жиналды

Президенттікке кандидат Н. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының төрағасы, «Полония» қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Виталий Свиницицкий барша жұртшылықты жеңіспен құттықтады. Қазақстандықтар мұны бейбіт келешекпен, елдің үдемелі дамуымен, Қазақстанның гүлденуімен байланыстырады.

«Біздің жұмысшылардың көпшілігі Н. Әбішұлымен жеке кездесті, - деді «Нефтехим LTD» компаниясының басшысы Е. Құсанов. - Біздің жас кәсіпорынға Президент екі рет келді. Кәсіпорын Қазақстандағы химиялық өнімнің жаңа түрлерін игерген. Табысымызды елдегі бизнесті мемлекеттің қолдауымен ұштастырамыз. Дауысымызды өз көшбасшымызға бердік».

Форумда еңбек ардагерлері, жастар сөз сөйледі. Елдің бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен елдің табыстылығының кепілі ретінде танылған елбасымыздың еңбегі жайында айтылды.