Павлодарда Президенттік мәдениет орталығы мұражайының қорынан алынған көрме ашылады

ПАВЛОДАР. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең, 27 наурыз күні Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұраждайында «Тәуелсіз Қазақстан. Нұрсұлтан Назарбаев» атты Президенттік мәдениет орталығы мұражайы қорынан алынған көрме ашылады,

Павлодарда Президенттік мәдениет орталығы мұражайының қорынан алынған көрме ашылады

деп хабарлайды мәдениет басқармасы. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

Көрме қонақтары туындылар арасынан фотоқұжаттарды, Президент шежіресі мен «Алтын адам», «Абылай ханның шапаны» сынды бірегей экспонаттарды және зергерлік бұйымдарды көре алады.