Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда ресейлік азаматқа «VIP» нөмірін тағып алғаны үшін айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарда «Тойота-камри» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі, Новосібір қаласының еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын-соңды істі болмаған тұрғыны ұсталды.

Павлодарда ресейлік азаматқа «VIP» нөмірін тағып алғаны үшін айыппұл салынды

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, келген қонақ өз көлігіне тіркеу нөмірінің орнына «VIP» жазуын тағып алған, ал мемлекеттік нөмірді бамперіне ауыстырып таққан.

Жүргізуші полицейге «VIP» тақтайшасын «сәндік» үшін тағып алғанын түсіндірген. Мұндай «безендірулерге» жолда жүру ережесімен тыйым салынғандығы туралы жүргізуші білмейтін болып шықты.

Стандарт талаптарын бұзғаны үшін ресейлік азаматқа 5 АЕК - 8,5 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.