Павлодарда республикалық «Шаяхметов оқулары» өтеді
Алғаш рет өткелі отырған бұл шара ғалым, педагог және қоғам қайраткері Тасболат Шаяхметовты (1937-2008) еске алуға арналған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының түлегі Т.Шаяхметов Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 1963 жылдан бастап еңбек еткен. Сабақ берген, проректор болған, жиырма жылдай институтты басқарған. Ғалым Мәскеуде және Алматыда 40 шақты ғылым жұмыс жариялаған. Т.Шаяхметовтың көпжылдық еңбегі орден-медальдармен атап өтілген.
Тасболат Қасенұлы, «барлық мамандықтың бастауында мұғалім тұрады, және ол замана талаптарына сай, қоғамдағы жаңалықтарға тез үн қататын тұлға болуы керек», деп санайтын.
«Шаяхметов оқуларында» педагогикалық білім жүйесіндегі өзекті мәселелер, 12 жылдық білім жүйесіне ауысу үшін кадрлар дайындаудың теориялары мен тәжірибелері талқыланбақ. Жиынға жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің оқытушылары қатысады.