Павлодарда сәуір айының соңында 30 градустық ыстық болады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, сәуір айында температура біртіндеп көтеріліп, айдың соңына қарай +33 градусқа дейін жетуі мүмкін.

ауа райы
Фото: freepik

«Қазгидромет» РМК Павлодар филиалы сәуір айында ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болатынын хабарлады.

Термометр бағандары алғашқы онкүндікте күндіз +10... +15 градус аралығында құбылады. Түнде -3... -8 градус суық болады деп болжануда. Екінші онкүндікте күн шуағы айтарлықтай сезіле бастайды: температура күндіз +20... +25-ке дейін, түнде +4... +9 градусқа дейін көтеріледі.

– Айдың соңына таман мейлінше ыстық ауа райы күтіліп отыр. Күндіз температура +30 градусқа дейін көтерілсе, түнгі уақытта +10 градусқа дейін жылы болады. Жауын-шашын туралы айтар болсақ, айдың алғашқы жартысында түннің салқындығына байланысты жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ал айдың соңында жоғары температураның әсерінен күн күркіреуі ықтимал, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК Павлодар филиалының метеоболжамдар бөлімінің басшысы Ирина Анохина.

Мамандардың сөзінше Павлодар облысында мұндай ауа райы соңғы рет 2010 жылдың сәуірінде байқалған. Ал осы мезгілдегі ең жоғары температура 1972 жылы тіркелген – ол кезде термометр бағандары +34 градусқа дейін көтерілген. Ал ең суық сәуір 1969 жылы болыпты, күн -27 градусқа дейін аяздатқан.

Бұған дейін СҚО-да сәуір айында ауа райы қандай болатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар