Павлодарда сауықтыру кешенінің моншасы өртеніп кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Маруся» ЖШС сауықтыру кешенінде бүгін таңертеңгі сағат 7 шамасында бір қабатты монша отқа оранды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

150 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 07:42 кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртің шығу қаупі анықталып жатыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметінен 28 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар