Павлодарда Саясаткер-әйелдер клубының бірінші отырысы өтеді

ПАВЛОДАР. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырудың аясында бүгін,
None
None

сейсенбі күні Павлодарда облыстың Саясаткер-әйелдер клубының бірінші мәжілісі өтеді, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы еліміздің аймақтарында саясаткер-әйелдердің клубтарын құруды мақсат еткен жоба әзірлеп отыр. Ол клубтар мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметтерге ұсыну үшін әйелдердің кадрлық резервтерін жасақтаумен, олардың жетекшілік қасиеттерін қалыптастырумен айналысатын болады. Клубтар сондай-ақ, халықты гендерлік саясатпен құлақтандыруға, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемаларды шешу жөніндегі идеялар мен жобалардың банктерін құруға атсалысады.

Павлодарлық клубтың бірінші мәжілісіне аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаев, Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Серік Ахметов, «Қазақстанның Іскер-әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының президенті Раушан Сәрсембаева қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар