Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

«Еліміз сондай-ақ тоталитаризм құрбандарының жер аударған орнына айналды, - деп атап өтті митинг барысында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов. - 1944 жылдың наурыз айында Павлодар облысына солтүстік Кавказдан 41 мыңнан астам адам жер аударылды. Олардың арасында ингуш, шешен, балгар, т.б. ұлттар болды. Облыс жер аударылып келген поляк, кәріс, әзербайжандардың тұрғылықты жеріне айналды. Жалпы 61 ұлт көшірілген».
Репрессия жылдарында көптеген мәдениет, ғылым, саясат қайраткерлері құрбан болды. Бүгін сол зұлмат жылдары ату жазасына кесілген ақын Павел Васильевтің ескерткішінің қасында оның өлеңдері оқылды, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Сондай-ақ Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығы мен Арын Сүлейменовтің қоғамға жасаған қызметін де павлодарлықтар ешуақытта ұмытпайды.