Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда саяси партиялардың облыстық филиалдары арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын саяси партиялардың облыстық филиал басшыларымен кездесті, деп хабарланды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Павлодарда саяси партиялардың облыстық филиалдары арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

Жиналғандар ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

7 саяси партияның облыстық филиалдарының көшбасшылары ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатта көрсетілгендей: «Елбасының жаңа стратегиялық бастамаларын қолдай келе, алдағы жоспарларды іске асыруға дайын екендіктерімізді білдіре отырып біз барлық қазақстандықтарды ауқымды міндеттерді орындауға шақырамыз. Біз жұмыла бірігіп қана ортақ мақсатымызға жетеміз».

Саяси партиялардың облыстық филиалдары өңірде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау үшін және Елбасы Жолдауын іске асыруда ынтымақтасатын болады.