Павлодарда «Шырша, өмір сүр!» атты жастар акциясы өтті
ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарда «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының облыстық штабы мен «Жас Отан» жастар қанаты жаңа жылдың алдында «Шырша, өмір сүр!» атты шара өткізді.
«Біз еліміздің және туған өлкеміздің жасыл қорын сақтап, орман және саябақ көшеттерін аялай білуіміз қажет. «Шырша, өмір сүр!» акциясы арқылы біз жұртшылықтың назарын табиғатты қорғау проблемаларына аудартқымыз, адамдарды табиғи ағаштарды жасандыға ауыстыруға көндіргіміз келеді. Бір күндік мереке үшін қылтанақты ағашты кеспеу керек. Еліміздің жасыл қорын аялай отырып, біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз», - деді жасотандықтарды көшбасшысы Сапар Шалабаев.