Павлодарда тәрбиеленушісіне қол көтерген балабақша тәрбиешісінің үстінен іс қозғалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны балабақша тәрбиешісін бес жасар ұлын ұрды деп кінәлап, полицияға шағымданды. Баланың денесінде жараланған жерлері болған, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Анасының өтініші бойынша жүргізілген сараптама нәтижелерінің негізінде балабақша тәрбиешісіне қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды. Алайда педагогтың іс-әрекетінен ҚР ӘҚтК-нің «Денсаулыққа зиян келтіру» 79-3 бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды. Іс Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіліп, сонда қаралып жатыр. «Біз балалар бақшасында болған оқиғадан хабардармыз. Тәрбиеленуші балалардың ата-аналарымен кездестік, жиналыс өткізіп, сауалнама жүргіздік. Балалар ата-аналарына егер тынығу сағатында ұйықтамаса, «екпе егем» деп қорқытатынын айтып шағымданған», - деді ҚазАқпарат тілшісіне қалалық білім беру бөлімінің секторының меңгерушісі Жанат Асайынова. «Осы оқиғадан кейін екі тәрбиеші де 18 наурыздан өз еріктерімен жұмыстан кетіп қалған. Алайда осыдан кейін тағы бір ата-ана сотқа арыз жазған», - деп қосты меңгеруші. Оның айтуынша, екі тәрбиеші де тәжірибелі, бірінші біліктілік санатқа мамандар. Бұған дейін олардың аттарына ешбір шағым түспеген. «Педагогтардың айыбын дәлелдесін. Баланың аяғының зақымдалуына қатысты сараптама нәтижесі екіұшты сипатта. Оның доғал немесе үшкір затпен ұрғаннан пайда болуы мүмкін. Бұл анық жазылмаған. Баланың анасына тәрбиешілермен соттасам десеңіз өз ерікіңіз дедік. Алайда әзірге сот шешімі шыққан жоқ», - деп атап өтті Ж.Асайынова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум