Павлодарда Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті

ПАВЛОДАР.  Қарашаның   11-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Облыс орталығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  бұрынғы ректоры Тасболат  Шаяхметовты еске алуға арналған   бокстан    халықаралық турнир өтті, 

Павлодарда  Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған  бокстан  халықаралық турнир өтті

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Жоғары  оқу  орнында  өткен   турнирдің  рингіне    Павлодар, Ақсу  және  Новосібір   спортшылары   шықты.

Профессор Т.Шаяхметовтың  есімі  Павлодардың Ертіс жағалауына    жақсы танымал.  Ол   Мәскеуде,   Алматыда, Павлодарда жарияланған  40-тан  астам ғылыми  еңбектің авторы.  Педагогтың     ұзақ жылдар  бойғы еңбегі «Құрмет белгісі»  орденімен, медальдармен  және    Білім  министрлігінің    құрмет белгілерімен  атап өтілген     болатын.

Тасболат Қасенұлы    әрқашан спортты  жақсы көретін, әсіресе  боксты,  дейді  оны білетіндер.   Аймақтың   білім  саласын дамытуға мол үлес қосқан    азаматты  еске  алуға арналған турнирдің ашылуына университет ардагерлері,  оқытушылары мен  студенттері,  мектеп    мұғалімдері  келді.