Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда теміржол, авто және өзен вокзалдарынан, сондай-ақ әуежайдан адамдар жедел көшірілді

АСТАНА.  Қазанның   2-сі. ҚазАқпарат -  Бейсенбі күні  Павлодар  Ішкі істер департаментінің пультіне    вокзал ғимаратына   бомба  қойылғаны  туралы     қоңырау  түсті,

Павлодарда теміржол, авто  және   өзен   вокзалдарынан,  сондай-ақ  әуежайдан  адамдар жедел көшірілді

деп  хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінен. 

Аноним  бомбаның  қай  вокзалда  екенін  айтпағандықтан, құтқарушылар    теміржол, авто  және өзен вокзалдарынан,   сондай-ақ  әуежайдан    барлық   адамдарды көшіруге мәжбүр  болды.   «Барлық  вокзалдан  426 адам көшірілді»,  деп хабарлады ведомстводан.

Жүргізілген  арнайы    шаралардың барысында төрт   нысанда да бомба   табылған  жоқ.