Павлодарда ТМД елдерінде жоқ жоба жүзеге асырылуда

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында аталмыш агрегатта жоғары және орташа қысым цилиндрлері мен генератор ауыстырылмақ. Қайта жөндеуден кейін турбинаның пайдалы жұмыс коэффициенті артып, жұмысын анағұрлым үнемді етеді.
«Бүгінде діріл оқшаулағышта болат жақтауларды орнату және ірілендіретін құрастыру жұмыстары аяқталып, генератордың статоры орнына қойылды», - дейді ЖЭО-3 директоры Игорь Гринев.
Энергетиктердің айтуларына қарағанда, аталған жоба Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде тұңғыш рет жүзеге асырылуда. Жұмыстар 2018 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде турбоагрегат қуаты 110 МВт-тан 125 МВт-қа артады. ЖЭО-3-те орындалып жатқан тағы бір ірі жоба деп №2 түтін құбырының құрылысын атап өтуге болады. Қазіргі кезде құбыр іргетасын құрылысына қажет барлық әзірлік жұмыстары аяқталды. Құрастыру және электртехникалық жұмыстардың барлығы 2021 жылға дейін тәмамдалады деп күтілуде.
Жаңа түтін құбыры ЖЭО-3 станциясын кеңейтуге жағдай жасайды. Жоғары аталған екі жобаның жалпы құны 2,9 миллиард теңге.