Павлодарда тоғызыншы әлеуметтік дүкен ашылды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Алатау» дүкені облыс орталығында ашылып отырған тоғызыншы әлеуметтік дүкен, ондағы азық-түліктерге қосылатын үстеме баға 10-15 пайыздан аспайтындықтан, сатып алушыларға тауарлар арзанға түседі. Ет және сүт өнімдерін, жұмыртқа және күнбағыс майын, көкөністер мен картоп өнімін жеткізушілердің арасында Шарбақты, Павлодар және Баянауыл аудандарының шаруа қожалықтары бар.

Дүкеннің иесі кәсіпкер Сергей Смаилов, әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміндегі мамандардың қолдауымен халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің осы түрі мен дүкеннің баға саясаты жеке ойластырылғанын атап көрсетті. Саяжайлар ықшамауданында тұратын ардагерлер аптасына бір рет тегін нан алып тұрады. Ал «Жас Отан» бірлестігімен жасалған келісім бойынша, соғыс ардагерлеріне азық-түліктер үйлеріне жеткізіліп отырады.

«Алатау» дүкенінің жанынан сондай-ақ, зейнеткерлерге жеңілдіктер ұсынатын шаштараз да ашылып отыр.

Соңғы жаңалықтар