Павлодарда түнгі хоккей лигасының жаңа маусымы басталды

Мұз үстіндегі жарыстар кешке дейін, кейде тіпті, түннің бір уағына дейін жалғасады.
Біріншілік ҚР жастар чемпионатының күміс жүлдегерлерін марапаттаумен басталды. «Ертіс 2002», «Ертіс 2001» және «Ертіс 1997» (жаттықтырушылары - Сергей Польский, Рамазан Қайдаров және Ринат Нұрахметов) командаларының хоккейшілері елдің басты жарыстарындағы өздерінің жас ерекшеліктері бойынша топтарда екінші орындарға ие болды.
Облыс біріншілігіне сегіз команда қатысуда - алты павлодарлық, Ақсу және Екібастұз командалары. Олардың құрамында әр жылдары жоғарғы лига клубтарында ойнаған Роман Кривомазов, Сергей Пирогов, Денис Горецкий және Владимир Кувшинников бар. Мұз айдынына өздерінің қызметкерлерімен бірге кейбір кәсіпорындардың басшылары да шығуда.
«ТХЛ» жарысы 20 мамырда аяқталады.