Павлодарда түнгі уақытта жасөспірімдердің көңіл көтеруіне жол берген мейрамхана директоры жазаланды

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Павлодардағы мейрамхананың директоры түнгi уақытта өз мекемесіне кәмелеттік жасқа толмағандардың кіруіне тосқауыл қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

«Павлодар қаласының әкiмшiлiк соты «Кружева» мейрамханасының директорына қатысты iсті қарап шықты. Ол түнгi уақытта өз мекемесiнде жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкiлдердiң бақылауынсыз жүруіне жол берген. Директор әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды және сот мемлекеттiң табысына 37800 теңгенi құрайтын 25 айлық есептік көрсеткіш көлемiнде айыппұл түрiнде әкiмшiлiк соманы төлеу жөнінде шешім шығарды», - делінген Жоғарғы Соттың хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар