Павлодарда тұрақтандыру қорына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз салынады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Биыл Павлодар облысында картоптың егіс алқабы 6 мың гектарға ұлғайды. Бүгінде 31,2 мың гектарда картоп, 5,3 гектарда сәбіз бар.

Павлодарда тұрақтандыру қорына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз салынады
Фото: Валерий Бугаев/ Kazinform

Биыл аймақта 937 мың тонна картоп және 184,5 мың тонна сәбіз жиналады деп жоспарланған. Бұл ретте өңір халқының бір жылдық қажеттілігі: картоп — 75 мың тонна, сәбіз — 17 мың тонна.

Павлодарда тұрақтандыру қорына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз салынады
Фото: Валерий Бугаев/ Kazinform

— Көкөніс қоймасына 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз салынады. Бұл өңірдің маусымдық қажеттілігінің шамамен 30%-ы, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Әкімдік дерегінше, биыл агроөнеркәсіпті дамытуға 29,9 млрд теңге субсидия бөлінген. Оның ішінде 6,6 млрд теңгені көкөніс және картоп өндірушілер алған. Диқандарға қосымша 33,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, 53,8 млрд теңге сомасына жеңілдетілген несиелер берілген.

Бұған дейін Павлодардағы тұрақтандыру қорында қанша өнім сақталып тұрғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар